28 қаңтар 2021 | 09:25

Кентауда полиция басшысы "судьяларға құрмет" ретінде қоластындағылардан ақша бопсалаған - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде қол астындағылардан ақша бопсалаған Кентаудағы жоғары шенді полицейдің аудиосы пайда болды. Әңгіме барысында ер адам бұл "жоғарыда отырған басшыларға, прокурорлар мен судьяларға берілетін "құрмет" екенін айтқан, - деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы"


Иконка комментария блок соц сети

Желіде қол астындағылардан ақша бопсалаған Кентаудағы жоғары шенді полицейдің аудиосы пайда болды. Әңгіме барысында ер адам бұл "жоғарыда отырған басшыларға, прокурорлар мен судьяларға берілетін "құрмет" екенін айтқан, - деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы"

Телеарна аудиожазбаны жариялады. 

"1 ақпаннан бастап барлығың маған 10 мың теңгеден өткізіп тұрасыңдар. Жалпы 45 мың теңге шығады. Сендер жетім емессіңдер ғой. Жол-патрульдік қызметі элита болуы керек. Ақша жинап, жақсы коньяк пен азық-түлік салынған корзина жасап, орау керек. Қымбат емес", - делінген аудиода. 

Түркістан облысының полиция өкілдерінің сөзінше, ол полицей 2020 жылы дәл осындай жағдаймен орнынан айырылып қала жаздағанын айтты. 

"2020 жылдың 22 мамырында Кентау аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары қызметінен босатылған болатын. Алайда ол қызметкер өткен жылдың қазанында сотқа жүгініп, облыстық соттың шешімімен қызметіне қайта оралған болатын", - дейді ведомство өкілдері. 

Бүгінде полицей бұрынғы жұмысында істеп жүр. Ақша бопсалау дерегін тексеруді өзіндік қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері қолға алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети