13 шілде 2022 | 16:06

Кентаудың бұрынғы әкімі сотталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәурен Махажанов. Фото: Валерий Бугаев Дәурен Махажанов. Фото: Валерий Бугаев

Сот Кентау қаласының бұрынғы әкімін пара алғаны үшін кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сот Кентау қаласының бұрынғы әкімін пара алғаны үшін кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Кентау қаласының экс-әкімі Дәурен Махажановқа қатысты үкім шығарды. Ол 366-баптың 4-бөлігі "Аса ірі мөлшерде пара алу" бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

"Сот Дәурен Сәбитұлы Махажановты 24-баптың 7-бөлігі ("Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу") бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тануға үкім шығарды және ҚР ҚК-ның 366-бабы 4-бөлігі. Мемлекеттік қызметте, сотта, Ұлттық банкте, ведомстволарда, Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және бақылау органдарында, мемлекеттік ұйымда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салу және он жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Жазаны өтеу орны қылмыстық-атқару жүйесінің барынша қауіпсіз мекемелері болып тағайындалады. Мерзім сот үкімі заңды күшіне енген сәттен бастап есептеледі. 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап қамауға алу мерзімі жаза мерзіміне есептелсін", - деп үкімді шығарды Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты судьясы Мәртпек Кәкімжанов.

Бұл іс бойынша басқа айыпталушылар – Лаврентий Бобрышев пен Бауыржан Түмебаев 368-баптың 1-бөлігі "Парақорлыққа делдал болу" бойынша кінәлі деп танылды. Бобрышев бір жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Бауыржан Түмебаев бір жыл алты айға бас бостандығынан айырылған.

Сотталушылардан процессуалдық шығын ретінде 171 000 теңге өндірілді. Сондай-ақ, Махажановқа жәбірленушілерге өтемақы қорына 30 АЕК (шамамен 91 мың теңге) көлемінде төлемақы өндірілген. Бобрышев пен Түмебаевтың әрқайсынан 15 АЕК (шамамен 45 000 теңге) көлемінде өндірілді.

Сот үкіміне 15 күн ішінде шағым жасауға болатыны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 479.5   535.02   5.16 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети