"Кешірмеймін". Шымкентте аяусыз соққыға жығылған баланың анасы кінәлілерді жазалауды сұрады

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Кешірмеймін". Шымкентте аяусыз соққыға жығылған баланың анасы кінәлілерді жазалауды сұрады Сурет: otyrar.kz

Шымкентте аяусыз соққыға жығылған баланың анасы кінәлілерді жазалауды сұрады, - деп хабарлайды otyrar.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте аяусыз соққыға жығылған баланың анасы кінәлілерді жазалауды сұрады, - деп хабарлайды otyrar.kz

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде соққыға жығылған оқушының видеосы тарап кетті. Кадрларда жанжал төбелеске ұласқаны көрінеді. Бірнеше жасөспірім жағдайды бақылап тұрған, біреуі камераға түсіріп үлгерген. Видеоның аяғында балалар қиналып еңкейген баланы аяусыз тепкілейді.

Жәбірленушінің анасы оқиға 27 мамырда болғанын айтады. Оның сөзінше, бұл төбелес емес, топтық зорлық-зомбылық көрсету әрекеті болған. Оқиғадан кейін баласы ауруханаға түскен. Әйел полицейлерден істің мән-жайын анықтап, құқықбұзушыларды заңның барлық қатаңдығы бойынша жазалауды сұрайды.

"Олар ұлыма шабуыл жасады, олар жай ғана төбелескісі келген. Кешіргім келген, бірақ кешірмеймін. Ұлым оларды ұрмаған. Екеуі баламды соққыға жыққан. Қазір ол ауруханада жатыр, жағдайы нашар", - деді баланың анасы.

Прокуратура өкілі шағым аудандық полиция бөлімінде қабылданғанын, тексеріс басталғанын түсіндірді. Іс аудан прокуратурасының бақылауында. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның айтуынша, құқықбұзушылардың ата-анасы жауапкершілікке тартылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети