Киік ату ісі: Күдіктілер арасында "Охотзоопром" инспекторы бар болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Киік ату ісі: Күдіктілер арасында "Охотзоопром" инспекторы бар болып шықты

Ақмола және Қарағанды облыстарында киіктерді жаппай атқан деген күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола және Қарағанды облыстарында киіктерді жаппай атқан деген күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

17 наурызда мүйіздері кесілген жүздеген жануар денесі табылды. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды және аса тәжірибелі қызметкерлер, табиғат қорғау полициясы қызметкерлері мен кинологтар қатарынан арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.

"Киіктерді жаппай атуға күдікті ретінде полиция қызметкерлері бір топ адамды, соның ішінде ауыл шаруашылығы министрлігінің "Охотзоопром" РМҚК инспекторын ұстады. Күдіктілерге қатысты сот "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасын санкцияланды. Браконьерлікке қатысы бар күдіктілерді тінту барысында қылмыс құралдары, сондай-ақ киіктердің мүйіздері тәркіленді", - деді Қазақстан Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети