Кісі өлтірген Ресей азаматы Петропавлда ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кісі өлтірген Ресей азаматы Петропавлда ұсталды ©Sq.com.ua

51 жастағы қылмыскер "Іздеу" жедел-алдын алу шарасы аясында ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

51 жастағы қылмыскер "Іздеу" жедел-алдын алу шарасы аясында ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"14 қазанда желілік ішкі істер бөлімі қызметкерлері Петропавл станциясында 51 жастағы Ресей Федерациясының азаматын ізін суытпай құрықтады, ол РФ ҚК 105-бабының 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша қылмыс жасағаны үшін 2014 жылдың 10 қазанынан бастап мемлекетаралық іздеуде болған", - делінген хабарламада. Күдікті Петропавл қаласының ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

14-15 қазан күндері Көліктегі ІІД қызмет көрсететін нысандарда "Іздеу" мемлекетаралық жедел-алдын алу шарасы өтіп жатыр. Жедел-алдын алу шарасының бірінші күн қорытындысы бойынша 7 қылмыскер ұсталды. 

Сонымен бірге жыл басынан бері елдің көліктегі полицейлері 81 қылмысты адамды іздеуге жариялаған. Оның ішінде, бүгінге дейін 45-і қолға түсті. Із-түссіз жоғалған 7 адамға іздеу жарияланып, оның 5-еуі үйіне қайтарылды. 

Мемлекетаралық ынтымақтастық аясында ТМД елдерінің құқық қорғау органдары үшін іздеудегі 11 қылмысты адам анықталып, ұсталды.

Көліктегі ІІД қылмыстық істі тексеру полициясы басқармасының арнайы құрамы осы жылы Украина мен Ресейге 3 рет барды. Соның нәтижесінде Көліктегі ІІД қызметкерлерінің іздеуінде болған 4 қылмыскер ұсталды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети