ҚМА күдікті адамдарды ұстады: жалған доллар мен еуро купюралары табылған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры

ҚМА жалған шетел валютасын өткізу деректері жиілеп кеткені жайлы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚМА жалған шетел валютасын өткізу деректері жиілеп кеткені жайлы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда жалған 100 долларлық купюраларды сатумен айналысқан тұлғалар тобы анықталды. Қылмысқа қатысушылардың бірінің тұрғылықты жерін тінту барысында 149 дана (14 900 АҚШ доллары) жалған доллар табылған.

Құқық бұзушылар ұсталып, сот оларға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысында ҚМА полициямен бірлесіп жалған валютаны өткізу дерегін анықтады.

"Бір топ адам Орал қаласындағы лотерея клубтарының бірінде жалған 25 000 АҚШ доллары мен 10 000 евро өткізген деп күдікке ілінген. Күдіктілер бәс тігу мақсатында бұл қаражатпен шоттарын толықтырған. Жалған ақшаны сатушыға қатысты соттың санкциясымен "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - делінген хабарламада.

ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жарияланбайды.

Жыл басынан бері Қазақстан аумағында айналымнан 1 060 жалған банкнот тәркіленген, оның ішінде ұлттық валютада 647 000 теңге сомасына 141 дана, 90 400 АҚШ доллары - 905 купюра, 2 000 еуро - 4 купюра, 1 000 юань сомасында 10 купюра.

"Алынған жалған банкноттардың жалпы сомасы 43 миллион теңгеден асады. Жалпы, биыл жалған купюраларды жасап, өткізгені үшін 8 адам 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro