ҚР Парламент Сенатының төрағасы Алматы облысында кісі қолынан қаза тапқан ағайындылардың оқиғасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Парламент Сенатының төрағасы Алматы облысында кісі қолынан қаза тапқан ағайындылардың оқиғасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Алматы облысында үш ағайын мал үшін өлтірілді, 9 бала жетім қалды. Бұл қасіретке ІІМ мұқият тергеу жасап, кінәлілердің бәрін жазаға тартатынына сенемін", - деп жазды ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі өз парақшасында.
Алм.обл. үш ағайын мал үшін өлтірілді, 9 бала жетім қалды.Бұл қасірет. ІІМ мұқият тергеу жасап,кінәлілердің бәрін жазаға тартатынына сенемін
— Kassym-JomartTokayev (@TokayevKZ) 27 сентября 2016 г.
Еске салайық, Талдықорған қаласына жақын маңдағы Көксу ауданының 3 тұрғыны Алматы жақтағы Ұзынағаш базарында мал сатамыз деп із-түссіз жоғалып кеткен болатын.
Кейінірек олардың өлі табылғаны хабарланған еді. Ведомстводағылардың айтуынша, марқұмдардың денесінде зорлық белгілер бар. Полицейлер кісі өлтірді деген күдіктілерді ұстапты. Олар Жамбыл ауданының екі тұрғыны. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша соталды тергеу басталыпты. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.