15 қазан 2019 12:55

Код - "Шай-кофе": караоке-притондар қалай жұмыс істейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полицейлері жеңгетайлық пен жезөкшелік қызметтерді ұсынатын жасырын караокені әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы полицейлері жеңгетайлық пен жезөкшелік қызметтерді ұсынатын жасырын караокені әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы полицейлері қаладағы бизнес-орталықтардың бірінде оныншы қабатта орналасқан караоке-притонды әшкереледі. Полицейлер "жұмыс орнында жүрген" 14 жеңіл жүрісті қызды және Оңтүстік Кореяның үш азаматын ұстады. 

"Бұл күмәнді орын "шай-кофе" принципімен жұмыс істейді, яғни клиент "шай" таңдаса қыз оның жанында отырып, ән айтады, көңіл көтереді, қонақтың "ішін пыстырмайды". Ал егер "кофе" кодын таңдаса қыз бала клиентпен бірге бөлек жерге кететін болған. Негізгі қонақтар Оңтүстік Корея мен Қытай азаматтары. 14 қыздың үшеуі Өзбекстан азаматы, біреуі Ресей азаматшасы, ал қалғаны өз отандастарымыз. 

Сондай-ақ, мекеменің әкімшісі ұсталды. 1985 жылғы әйел бұрындары да жезөкшелікпен айналысуға қатысы бар болып, жауапкершілікке тартылған. Әзірге осы дерекке қатысты "Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну" бойынша әкімшілік іс қозғалды. 

Ұсталған адамдардың барлығы аты-жөнін анықтау үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети