Көкшетауда алаяқ "жанармай талонын" 96 мың теңгеге сатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетауда алаяқ "жанармай талонын" 96 мың теңгеге сатты ©pavlodarauto.kz

Ақмола облысында халықты жанармай талонын сатамын деп алдап, ақша тапқан жігіт ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында халықты жанармай талонын сатамын деп алдап, ақша тапқан жігіт ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

23 желтоқсанда Көкшетау қаласының ішкі істер басқармасына облыс орталығының тұрғыны алаяқтық туралы арызбен барған. Оның айтуынша, сол күні күндізгі сағат 15.00 шамасында жас жігіт АИ-92 жанармайының талонын сатамын деп алдап, оның 96 мың теңгесін алып алған.

"Жедел іздестіру шаралары кезінде 34 жастағы азамат осы қылмысты істеді деген күдікпен ұсталды", - деп мәлімдеді баспасөз қызметі. Қазір аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 177-бабының 1-бөлігіне сай (алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды, кінәсін мойындау туралы түсінік алынды, заттай айғақтар бар. Полиция енді оның басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети