Көкшетауда "Қазпоштаға" шабуыл жасағандар ойыншық тапанша кезенген

Видеодан скриншот

К?кшетауда "?азпошта" А? б?лімшесіне ?арулы шабуыл жасады деген к?діктілер ?сталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?мола облысты? ІІД баспас?з ?ызметіні? ?кілдеріне сілтеме жасап.

Көкшетауда "Қазпошта" АҚ бөлімшесіне қарулы шабуыл жасады деген күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Шабуыл 3 қазанда Застанционный ауылында болған. 

"Тәулік ішінде полиция қызметкерлері бұл қылмысты жасағандарды анықтап, ұстауға бағытталған бірқатар жедел іздестіру және тергеу шараларын жүргізді. Арнайы жедел тергеу тобы құрылды, жол-патрульдік полиция жасақтары күшейтіліп, облыс орталығынан шығаберіске қосымша блокпосттар қойылды", - деп хабарлады ІІД өкілдері.

Реклама
Реклама

Айтуларынша, 4 қазанда полиция қызметкерлері қарақшылық шабуыл жасаған деген екі күдіктіні ұстаған. Олардың облыс орталығының тұрғыны екені айтылады, жастары 25-30 арасында. Олардың бірі бұған дейін осындай қылмысы үшін сотты болғаны анықталған.

Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, екі ойыншық тапанша, киім, медициналық бетперде және ұрланған қаражат тәркіленген. 

"Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі ("Қарақшылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген ІІД хабарламасында.

Еске салайық, мұның алдында Көкшетауда қаруланған екі ер адамның "Қазпошта" бөлімшелерінің біріне шабуыл жасағаны түсірілген видео жарияланған еді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама