04 қазан 2017 09:16

Көкшетауда "Қазпошта" бөлімшесіне жасалған қарулы шабуылдың видеосы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Көкшетауда қаруланған екі ер адам "Қазпошта" бөлімшелерінің біріне шабуыл жасады. Желіде видеобақылау камерасындағы жазба пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Көкшетауда қаруланған екі ер адам "Қазпошта" бөлімшелерінің біріне шабуыл жасады. Желіде видеобақылау камерасындағы жазба пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл оқиға 3 қазанда түске дейінгі уақытта болған. Белгісіз екі ер адамның бетперде киіп алып, кассирді қорқытқаны белгілі болды. Олар шамамен бір миллион теңге көлемінде (одан сәл аз болуы мүмкін) ақша алып кеткен", - деп хабарлады Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі бойынша ("Қарақшылық") сотқа дейінгі тергеу басталды. Кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Жедел топ құрылып, куәгерлерден жауап алынып, камерадағы жазбалар зерттеліп жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Тергеу мүддесіне сәйкес басқа мәліметтер жарияланбайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети