Көкшетауда "Қазпоштаны" тонағандарға қатысты сот үкімі шықты

К?кшетау ?алалы? сотында "?азпошта?а" шабуыл жаса?андар?а ?атысты сот ?кімі шы?ты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көкшетау қалалық сотында "Қазпоштаға" шабуыл жасағандарға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"1988 жылғы және 1993 жылғы ер адамдар ҚР Қылмыстық кодексінің "Тонау" бабы бойынша айыпталды. Олардың бірі үш жыл және үш айға бас бостандығынан айырылды. Екіншісі үш жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, сот олардың екеуінің де мүлкін тәркілейтін болды", - деп хабарлады Көкшетау қалалық сотындағылар.

Сонымен қатар, айыпталушыларыдң осыған дейін сотты болғаны анықталды. Олардың бірі 2009 жылы "Зорлау" бабы бойынша айыпталып, алты жылға бас бостандығынан айырылған.

Реклама
Реклама

Еске салайық, қазан айының басында Көкшетауда қаруланған екі ер адамның "Қазпошта" бөлімшелерінің біріне шабуыл жасағаны түсірілген видео жарияланған еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама