16 қараша 2016 | 11:44

Көкшетау кафесінде аспаздар марихуана сатқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

© AriPress.org © AriPress.org

Көкшетауда екі аспаз жұмыс орнында марихуана сатқаны үшін ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Көкшетауда екі аспаз жұмыс орнында марихуана сатқаны үшін ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне екі жас жігіттің көңіл көтеру орталығында есірткі өнімдерін өткізумен айналысқан деген хабар түскен. Жедел әрекет ету барысында бұл мәлімет расталды. 15 қарашада өздерінің жұмыс орнында 22 және 23 жастағы жігіттер ұсталды. Дереккөз мәліметінше олар суши-барда жұмыс істеген. 

Полицейлер екі рет есірткі өнімдерін өткізу дерегін анықтаған, марихуананың жалпы мөлшері 11 грамды құраған. Бір күдікті ас бөлмесінде ұсталған, ал екіншісі қашып кетіп дәретханаға тығылып есірткінің көзін жоймақ болған. Алайда есірткі оралған қағаз қоқыс жәшігінен табылған. 

Тұрғылықты мекен-жайы бойнша тінту шаралары барысында тағы да бір есірткі оралған қағаз табылған. "Қазіргі уақытта екі аспазға қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы ("Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу") бойынша жүргізіліп жатыр". Ұсталған екі азамат та уақытша қамау изоляторына жабылған. Санкция бойынша екеуі бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - деді облыстық ІІД-нің өкілдері. 

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері бар қожайынын әкімшілік жауапкершілікке тартуды көздеп отыр. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети