21 қыркүйек 2017 | 13:52

Көкшетау тұрғыны WhatsApp арқылы пәтер сатып алмақшы болып, алаяқтарға 15 миллион теңге берген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© lqpravo.ru © lqpravo.ru

Көкшетау тұрғыны WhatsApp арқылы пәтер сатып алмақшы болып, алаяқтарға 15 миллион теңге берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Көкшетау тұрғыны WhatsApp арқылы пәтер сатып алмақшы болып, алаяқтарға 15 миллион теңге берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияға жергілікті тұрғын 2017 жылдың шілде айының соңында белгісіз біреулердің оны алдап алу арқылы 15 миллион теңгесін иемденіп алғаны жайлы хабарлаған.

Полицейлердің мәліметінше, әйел облыс орталығынан пәтер сатып алғысы келген. Танымал интернет сайттарды іздестіру кезінде көкшетаулық әйел бағасы басқаларға қарағанда екі есеге арзан екі пәтерді тапқан. Хабарламада көрсетілген нөмір сөндірулі болған, бірақ кейінірек WhatsApp мессенджеріне "сатушыдан" хабарлама келген. Айтуынша, пәтер Көкшетауда орналасқан, бірақ өзі Ресейде тұрады екен. Сондықтан да ол пәтерді тек ақша толық көлемде төленген кезде келіп көрсете алатынын айтқан.

"Әйел оның бұл ұсынысына келіспеген. Кейіннен "сатушы" оған қызының атына банктен сот ашуды ұсынып, сол жаққа барлық қаражатты аудара беруін және түбіртектің көшірмесін мессенджер арқылы жібере салуын айтқан. Әйел бұл келісімнен бас тартпаған. Өзінің 4 бөлмелі пәтерін сатып, алған 15 миллион теңгені қызының шотына аударған әйел түбіртекті пәтердің "иесіне" жібереді. Біраз уақыт өткен соң шоттағы барлық қаражаттың шешілгені анықталды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта полицейлер күдіктіні іздестіріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети