12 қыркүйек 2020 | 12:19

Көкшетауда әйел жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tengrinews © tengrinews

31 жастағы Петропавл тұрғыны 27 жастағы көкшетаулық әйел оны интим қызмет көрсетуге мәжбүрлейтінін хабарлады. Бұл туралы Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

31 жастағы Петропавл тұрғыны 27 жастағы көкшетаулық әйел оны интим қызмет көрсетуге мәжбүрлейтінін хабарлады. Бұл туралы Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баспасөз қызмет өкілдерінің мәліметінше, 1-12 қыркүйек аралығында Ақмола облысында "Стоп трафик" арнайы операциясы жүреді. Үш күн ішінде криминалдық, әкімшілік полиция бөлімшелерінің, көші-қон және жергілікті полиция қызметінің бірлескен күштерімен рейдтік іс-шаралар өткізіледі, оның барысында өнеркәсіптік объектілер, ауыл шаруашылығы аумақтары, монша кешендері, қонақүйлер мен көңіл көтеру орындары тексеріледі.

"10 қыркүйекте полицияға Петропавл қаласының 31 жастағы тұрғынынан арыз келіп түсті, ол Көкшетаудың 27 жастағы тұрғыны оны облыс орталығының аумағында интим қызмет көрсетуге мәжбүрлейтінін хабарлады", - делінген полиция хабарламасында.

Жедел уәкілдер бұрын бірнеше рет сотталған көкшетаулықты ұстады. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 308-бабы 1-бөлігінің "Жезөкшелікпен айналысуға тарту" бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды, куәгерлік және мойындау айғақтары бар.

"Стоп трафик" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында тиісті уәкілдер профилактикалық әңгімелер жүргізеді, тұрғындарға адам саудасының, заңсыз бас бостандығынан айырудың, еңбек немесе сексуалдық құлдықтың құрбаны болмаудың жолдарын ескертіледі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети