Көкшетау қаласының тұрғыны өз күйеуін өлтіруге тапсырыс берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақмола облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап. Тергеу ісіне сәйкес, тапсырыс берген адам 1959 жылы туған әйел болып шықты және ол құқық қорғау органдарының шартты түрде киллер болып келіскен қызметкеріне 200 мың теңге төлеген.

Күдіктіні орындаушыға ақша берген сәтінде ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері ұстады. Осы дерекке сәйкес, "Қылмысқа дайындық жасау және қастандық" және "Кісі өлтіру" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. "Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Заттай айғақтар - ақша мен телефон тәркіленді", - деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілдері.
Полицияның дерегі бойынша, әйел өзінің күйеуін тапсырыспен өлтіруді желтоқсан айының басында жоспарлаған. Бұл уақытта ол орындаушы іздейді. Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері арнайы жедел-іздеу шараларын өткізіп, оның барысында тапсырыс беруші мен шарты түрде келіскен киллердің арасындағы әңгіме тіркелді. Әйел орындаушыдан оның өлтіріп, суретке түсіруін талап еткен. "Әйел 5 желтоқсанда талап етілген фотографиялар мен ақша беру кезінде ұсталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр", - деді баспасөз қызметінің өкілдері.