Көкшетауда шаштараз жұмыс орнында есірткі саудалаған деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көкшетауда шаштараз жұмыс орнында есірткі саудалаған деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Көкшетауда шаштараз болып істейтін жігіт жұмыс орнында ұсталды. "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу шарасы шеңберінде полицейлер марихуана сатты деген күдікпен Зеренді ауданы Заречное ауылының 23 жастағы тұрғынын ұстады. Полицейлер жігіттің сатып алушыға екі бөлек газетке оралған есірткіні бергенін анықтады", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.
"Есірткі сату" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Баспасөз қызметінің өкілдері заңсыз айналымнан жалпы 82 келі есірткі тәркіленгенін атап өтті.