Көкшетауда ҰҚК қару-жарақ пен жарылғыш заттар цехын анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көкшетауда Ақмола облысы бойынша ҰҚК департаментінің қызметкерлері атыс қаруы мен қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды заңсыз дайындау және өткізуге қатысы бар қылмыстық топты құрықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Топтың үш мүшесі қару-жарақ пен жарылғыш құрылғылардың кезекті партиясын сатуға әрекет жасаған кезде ұсталды. Астыртын цех ұсталғандардың бірінің жекеменшік үйінде болған", - деді ҰҚК өкілдері.

Нәтижесінде заңсыз айналымнан жеті жауынгерлік тапанша, 96 қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, 80 оқдәрі, сондай-ақ қару-жарақты модификациялауға және дайындауға арналған құрал-саймандар тәркіленген.

Жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

"Мамыр айында Қазанда (Ресей) болған қайғылы оқиға атыс қаруы ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін көрсетті.

Осыған байланысты қарудың заңсыз айналымы арнайы іс-қимыл және құқық қорғау органдарының басым міндеттерінің бірі", - деді ҰҚК өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети