11 шілде 2016 | 17:45

Көкшетауда үйлену тойында кісі өлтірді делінген күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tengrinews.kz © tengrinews.kz

Көкшетауда үйлену тойында кісі өлтірген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.


Иконка комментария блок соц сети

Көкшетауда үйлену тойында кісі өлтірген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Көкшетау ІІБ-нің полицейлері тәулік ішінде адам өліміне күдіктіні ұстады. Жедел әрекет ету қызметкерлері аса ауыр қылмыс жасаған көкшетаулық 25 жастағы күдіктіні ұстады.

"10 шілдеде қалалық ІІБ-не жедел жәрдем қызметкері хабарласып, облыстық ауруханада пышақ жарақатын алған белгісіз адамның қайтыс болғандығын айтқан. Оқиға орнына келген полицейлер жәбірленушінің кім екендігін анықтаған. Ол Қостанай облысы, Шалғышы ауылының тұрғыны болған. Белгілі болғандай жәбірленуші Көкшетауға өзінің танысына келген және де сонымен бірге тойға барған", - дейді Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Полицияның мәліметі бойынша, той барысында жаппай төбелес болған, сол кезде 20 жастағы жігіт пышақ жарақатын алған. "Сол күні полиция қызметкерлері күдікті, 1991 жылғы жергілікті тұрғынды ұстаған. Ол өз кінәсін мойындады.

Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің "Адам өлтiру" бабының 1-бөлігі (Адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату - сегіз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас тандығынан айыруға жазаланады) бойынша іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети