26 мамыр 2023 | 09:27

Көкшетаудағы жемқорлық: ЖШС есепшілері 14 миллион жымқырған

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ақмола облысында ЖШС-нің бұрынғы екі қызметкері 14 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақмола облысында ЖШС-нің бұрынғы екі қызметкері 14 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

24 мамырда Көкшетау қалалық ІІБ кезекші бөліміне жергілікті ЖШС-нің бірінің өкілінен мекемедегі қаржылық құжаттарды тексеру барысында 14 миллион теңгенің жетіспеушілігі анықталғаны туралы хабарлама түскен.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер осы мекемеде бұрын есепші болып жұмыс істеген 36 жастағы екі әйелді анықтады.

Реклама
Реклама

Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 2-бөлігі "Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену" бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная