Көлік комитеті қызметкерлері ұйымдасқан қылмыстық топты басқарғаны анықталды - Антикор

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көлік комитеті қызметкерлері ұйымдасқан қылмыстық топты басқарғаны анықталды - Антикор Фото ©РИА Новости

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Бас көлік прокуратурасы заңсыз сыйақы алып, көліктерді техникалық тексерістен өткізгенде, жалған диагностикалық карта берген ұйымдасқан қылмыстық топты анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Бас көлік прокуратурасы заңсыз сыйақы алып, көліктерді техникалық тексерістен өткізгенде, жалған диагностикалық карта берген ұйымдасқан қылмыстық топты анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елде жалған тұлғаларға тек "қағазда" ғана бар 28 фирма ресімделген. Тіркелген мекенжайлар бойынша техникалық тексеру орталықтары болмаған, тиісінше, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қажет техникалық жабдықтары, мамандары, жұмыс жасайтын орындары да болмаған.

"Қылмыстық топты көлік комитетінің бақылау жүргізу және мұндай деректерге жол бермеу міндеттері жүктелген лауазымды тұлғалары басқарған. 2017 жылдан бастап бүгінге дейін ҰҚТ мүшелері іс жүзінде техникалық тексерусіз 260 мыңнан аса диагностикалық карта жасаған. Бұл "қызмет" бір көлік үшін 5 минутты және 2 мың теңгені қажет еткен", - деп хабарлады агенттікте.

Ведомствода тергеу барысында осы қызметке жүгінген көлік иелеріне де шара қолданылатыны айтылды.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу, сондай-ақ, "формальді техникалық тексерулер" жүргізу деректерін жоюға қатысты шараларды қабылдайтын болады" - деп мәлімдеді агенттікте.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети