09 қазан 2018 15:53

Көліктегі ІІД басшысының бірінші орынбасары ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© gorvesti.ru © gorvesti.ru

Көліктегі ІІД басшысының бірінші орынбасары қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастароваға сілтеме жасап. 


Көліктегі ІІД басшысының бірінші орынбасары қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастароваға сілтеме жасап. 

ҚР ІІМ көліктегі ІІД басшысының бірінші орынбасары жүйелі түрде пара алып отырды деген күдікке ілінді. 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросы жедел іздеу шаралары барысында "Қазақстан - отын-энергетикалық кешені" ЖШС өңірлік басшыларын Алматы, Қарағанды, Қостанай және Қазақстанның басқа да облыстарында дизель отынын ұрлау қылмысын жасырып отыру дерегі анықталған. Тергеу барысында ұйымдасқан бір топ адам ай сайын "ТЭК Қазақстан" ЖШС қоймаларында сақтаулы тұрған "ҚТЖ"ҰҚ" АҚ дизель отынын тонап отырғаны анықталды", - деді Жанна Бастарова.  

"Дизель отынын жымқыру бойынша бірнеше дерек анықталған. Залал мөлшері анықталып жатыр. Шілдеден қыркүйекке дейін ІІД бірінші орынбасары бірнеше рет (жалпы сомасы - 2,4 миллион теңге) пара алған", - деді Ұлттық бюро өкілі. 

Ресми дерек бойынша, сот санкциясымен көліктегі ІІД басшысының бірінші орынбасары, "ТЭК Қазақстан" ЖШС Қостанай филиалының директоры және осы жеке шаруашылық серіктестігінің отын қоймасының директоры қамауға алынған. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети