Колония басшысының экс-орынбасары суицид жасамақ болған - ІІМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Колония басшысының экс-орынбасары суицид жасамақ болған - ІІМ © Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрлігі өз өміріне балта шапқысы келген офицердің жарының үндеуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрлігі өз өміріне балта шапқысы келген офицердің жарының үндеуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"ОВ 156/2 мекемесінің басшысының орынбасары суицидке бармақшы болғаны туралы: қазіргі уақытта Т.Аманбаев ауруханада жатыр, оған медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Осы мәселе ІІМ бақылауына алынды. Ішкі істер министрінің тапсырмасымен өңірге өзіндік қауіпсіздік департаменті қызметкерлері жіберілді", - делінген хабарламада. 

"Тексеру барысында біз оқиғаның мән-жайын анықтайтын боламыз", - деді ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев.

Амантаевтың жары осыған дейін, сотталушы Андрей Кондратенконың өліміне қатысты өзіне көрсетілген психологиялық қысымды көтере алмағанын айтты. Әйелдің айтуынша, оның күйеуі қылмыс істемеген. 

18 маусымда Өскемен қаласындағы ОВ 156/2 мекемесінің камерасында сотталушы Андрей Кондратенко асылып тұрған жерінен табылған. Тергеу басталды, қылмыстық іс қозғалды. Мекеме басшысының орынбасары - Талант Амантаев тәртіптік жаза салдарынан қызметі төмендеді.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети