Жамбыл облысында кептірілген марихуана лақтырмақ болған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жамбыл облысында кептірілген марихуана лақтырмақ болған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/7 түзеу мекемесінің жедел бөлімі қызметкерлері түскен мәліметтерге сәйкес, жедел іздестіру-шаралары барысында үйінде кептірілген марихуана сақтаған азамат құрықталды. Жамбыл облысы Байзақ ауданы Талас елдімекеніндегі Б.Момышұлы көшесінде тұратын азамат бұл затты ЖД-158/7 мекемесінің негізгі қоршауы бойынша лақтыру үшін сақтағанын мойындап отыр", - делінген хабарламада.
Тексеру барысында бұл азаматтан өсімдік тектес, жасыл түсті, ерекше иісі бар зат табылды. Жүргізілген сот-химиялық сараптама қорытындысы бойынша, осы зат (салмағы 1 келі 80 грамм) "кептірілген марихуана" екені анықталған.