16 қараша 2015 21:20

"Көмектесіңдер" деген жазу арқылы сексуалдық құлдықтан аман қалғанын айтқан қыздың оқиғасы жалған болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Көмектесіңдер" деген жазумен аман қалған қыз оқиғаны ойдан құрастырғанын мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  


"Көмектесіңдер" деген жазумен аман қалған қыз оқиғаны ойдан құрастырғанын мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Қазақстанның ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері шекарашылардың 19 жастағы қызды "Көмектесіңдер" деген жазу арқылы аман алып қалғаны жайлы мәлімет таратқан болатын. Оны белгісіздер Ресейде интим қызметін ұсыну үшін алып қашты делінді. 

"Шекарашылар оны автобустан түсіріп алғаннан кейін қыз Мәртөк полиция бөлімшесіне жеткізілді. Жауап алу кезінде орган қызметкерлері оның айтқандары күмән келтірген. Полицейлер дереу күдіктеніп, жалған көрсетілім берсе жауапкершілікке тартылатынын ескерткен. Ол жағдайдың ушыққанын дереу ұғып, алып қашу туралы оқиғаны ойдан құрастырғанын мойындады", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ардагер Уайдин.  

Уайдиннің айтуынша, қыз үйіне аман-есен жеткізілді. "Егер ол тергеуде әрмен қарай алдай беретін болса оған қатысты қылмыстық іс қозғалатын еді. Оған ескерту жасалды және ол бірден мойындады", - деді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз хатшысы. 

"Оның айтуынша, әкесі оған айыппұлды төлеуі үшін 15 мың берген. Ол берген ақшаны жоғалтып алып, әкесі ұрыса ма деп қорыққан делінеді. Сөйтіп, ол белгісіз бір себептермен Орынборға кетіп қалғысы келген", - деді Уайдин.  

Биыл 12 қарашада шекара бақылауының қызметкерлері "Ақтөбе - Орынбор" рейс автобусының адамдарын тексерді. Қазақстанның 19 жастағы азаматшасының құжаттарын тексеру кезінде "Жайсаң - авто" бақылау-өткізу пунктінің әскерилері "Помогите" деген жазуды байқаған, бұл жазу оның жолаушы билетінде болған. Шекарашылар қызды автобустан түсіріп алған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети