Қонаевта 12 жастағы қызға шабуыл жасап, тонаған ер адам ұсталды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қонаевта 12 жастағы қызға шабуыл жасап, тонаған ер адам ұсталды ©Тұрар Қазанғапов

Алматы облысында 12 жастағы қызға шабуыл жасап, тонаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында 12 жастағы қызға шабуыл жасап, тонаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомство мәліметінше, оқиға Қонаевта болған. 21 мамырда 36 жастағы жергілікті тұрғын полицияға 12 жастағы қызын тонап кеткені туралы арызбен жүгінген. Мектеп оқушысына көпқабатты тұрғын үй кіреберісінде ересек ер адам шабуыл жасап, ұялы телефон мен құлаққабын тартып алған.

Жәбірленушіге келтірілген шығын 90 мың теңге болғанына қарамастан, полицейлер қорғансыз оқушыға шабуыл жасаған қарақшыны іздестірген. Күдікті қала маңындағы Заречный кентінің 38 жастағы тұрғыны болып шыққан.

"Қазір күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстық істі тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігі "Тонау" бойынша жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети