©Ярослав Радловский
Ақтөбе облысында алты баласы бар ананы бензин құйып өртеп жіберді, деп хабарлайды "Диапазон" басылымы. Бұл оқиға Қосестек ауылында болған. 33 жастағы келіншек денесінің 97 пайызы күйіп қалған. Жәбірленуші Жанель Рахметованың анасының айтуынша, қызы мен күйеу баласының арасында үнемі ұрыс-керіс болған, күйеуі ішімдік ішіп алып, оған қол көтерген. Сондықтан ол мұның барлығын күйеу баласы жасады деп күдіктеніп отыр. "Күйеу балам ешқандай кінәм жоқ деп айтады. Қызымның өзі солярканың көмегімен монша жаққысы келіп, солярканың орнына бензин құйылған канистрді алған-мыс. Бірақ менің ойымша, ол алдап отыр. Пештің ішінде отын болмаған. Ал дәрігерлер небәрі минут ішінде дененің мұншалықты күйіп қалуы мүмкін еместігін айтады. Менімше, моншаның ішінде бензин құйып өртеп жіберіп, одан кейін қызым далаға атып шықпасы үшін есікті жауып ұстап тұрған секілді. Мұның алдында ғана немерем Жанельді күйеу балам шашынан сүйреп, моншаға кіргізгенін көріпті. Бірақ бала мұны бірден айтқан жоқ, қатты қорыққан. Қазір күйеу бала қашып жүр, полиция қылмыстық іс қозғағандарын айтты. Біз прокуратураға арыз бердік. Біз мұның барлығын түпкілікті анықтауды қалаймыз. Оның полицияда туыстары бар, енді ол жауапкершіліктен қашып кете ме деп қорқамын", - дейді жәбірленушінің анасы. Айта кетейік, көп балалы ана қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер көңіл көңшітпейтін болжам айтып отыр, себебі, мұндай күйікпен аман қалу екіталай екен. Қазіргі таңда Жанель Рахметова есін жиған және сөйлей де алады. "Қызым бәрі кездейсоқ болды деп айтады, бірақ толығымен ештеме айтпай отыр", - дейді Жанелдің анасы.
Ақтөбе облысында алты баласы бар ананы бензин құйып өртеп жіберді, деп хабарлайды "Диапазон" басылымы.
Бұл оқиға Қосестек ауылында болған. 33 жастағы келіншек денесінің 97 пайызы күйіп қалған. Жәбірленуші Жанель Рахметованың анасының айтуынша, қызы мен күйеу баласының арасында үнемі ұрыс-керіс болған, күйеуі ішімдік ішіп алып, оған қол көтерген. Сондықтан ол мұның барлығын күйеу баласы жасады деп күдіктеніп отыр.
"Күйеу балам ешқандай кінәм жоқ деп айтады. Қызымның өзі солярканың көмегімен монша жаққысы келіп, солярканың орнына бензин құйылған канистрді алған-мыс. Бірақ менің ойымша, ол алдап отыр. Пештің ішінде отын болмаған. Ал дәрігерлер небәрі минут ішінде дененің мұншалықты күйіп қалуы мүмкін еместігін айтады. Менімше, моншаның ішінде бензин құйып өртеп жіберіп, одан кейін қызым далаға атып шықпасы үшін есікті жауып ұстап тұрған секілді. Мұның алдында ғана немерем Жанельді күйеу балам шашынан сүйреп, моншаға кіргізгенін көріпті. Бірақ бала мұны бірден айтқан жоқ, қатты қорыққан. Қазір күйеу бала қашып жүр, полиция қылмыстық іс қозғағандарын айтты. Біз прокуратураға арыз бердік. Біз мұның барлығын түпкілікті анықтауды қалаймыз. Оның полицияда туыстары бар, енді ол жауапкершіліктен қашып кете ме деп қорқамын", - дейді жәбірленушінің анасы.
Айта кетейік, көп балалы ана қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер көңіл көңшітпейтін болжам айтып отыр, себебі, мұндай күйікпен аман қалу екіталай екен. Қазіргі таңда Жанель Рахметова есін жиған және сөйлей де алады. "Қызым бәрі кездейсоқ болды деп айтады, бірақ толығымен ештеме айтпай отыр", - дейді Жанелдің анасы.