18 ақпан 2020 12:25

Қордай ауданында полицейлерге шабуылдаған ағайынды үшеу қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қордай ауданының полиция қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылықты тергеу жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қордай ауданының полиция қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылықты тергеу жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Прокуратура мәліметінше, 14 ақпанда қылмыстық іс айыптау актісімен Қордай аудандық сотына жолданды.

"2020 жылдың 7 ақпанында Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе ауылында жол полициясы қызметкерлері патрульдеу кезінде Л.Воингуйдің басқаруындағы "Хонда Одиссей" автокөлігі тоқтатылған. Көлікке арналған құжаттары болмағандықтан, Л.Воингуйға полиция бөліміне бару ұсынылған.
 
Алайда ол офицерлердің талаптарын орындамай, үйіне қарай бет алған және кейіннен ағалары А. Воингуй және М. Воингуймен бірлесіп полиция қызметкерлеріне қарсы зорлық-зомбылық жасаған. Осы оқиғаның видеосы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде таратылған болатын", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, үш айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, тергеу сотымен қамауға алынды.

Қордай ауданындағы қақтығыс: қаза тапқандардың саны 10-ға жетті

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болған еді. Жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысқан. Ауқатты ауылы және Бұлан Батыр ауылдарында жанжал шықты. Бұзақылар металл заттарын, атыс қаруын қолданған болаты

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети