Қорғаныс министрлігі департаментінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды - Антикор

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қорғаныс министрлігі департаментінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды - Антикор Фото:elements.envato.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты соталды тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Қорғаныс министрлігі Ақпараттандыру департаменті бастығының м.а. бейнеконференция байланыс жабдығын жеткізу мерзімін бұзып, қабылдау-тапсыру актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін жеткізушіден 20 000 АҚШ доллары сомасында пара алды деген күдікке ілінді.

Күдікті ұсталып, Астана қаласы тергеу соты санкциясымен қамауға алынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.19  course up  589.88  course up  6.64  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети