Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Қорғас ісі: адвокат прокурорлар дәлеліне сенбей отыр

17 Наурыз 2014, 13:15
0
©Владимир Прокопенко
©Владимир Прокопенко
©Владимир Прокопенко
©Владимир Прокопенко
©Владимир Прокопенко
©Владимир Прокопенко
Сот Қорғас ісін қарауды жалғастырып жатыр. Тараптарды қатар тыңдау кезінде адвокаттарға сөз берілді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заңгерлер бұрын прокурорлар келтірген дәлелдерді сынады. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-департаментінің бұрынғы бастығы Талғат Жақаевтың адвокаты айыптау тарапы келтірген фактілердің көбін дәлелсіз болжам мен қиял деп есептейді. Мысалға, прокурорлардың нұсқасы бойынша Жақаев қылмыстық қоғамдастықты ұйымдастырушы Талғат Қайырбаевпен 2005 жылдың ақпанында, ҰҚК қызметкерлері Шарын өзені бойында жедел шаралар өткізген кезде танысқан. Ол кезде, прокурорлардың айтуынша, контрабандалық жүк тиелген көліктер ұсталған, олар Қайырбаевқа тиесілі, ал операцияны Жақаев басқарған.

Адвокат ҰҚК мәліметтеріне сүйене отырып, ол уақытта комитеттің Шарынның бойында ешқандай операция жүргізбегенін мәлімдеді. Заңгердің айтуынша, Қайырбаевтың көлігі 2005 жылдың ақпан айында Гүлдала елді мекені маңында ұсталған, оны ҰҚК қызметкерлері емес, кеденшілер ұстаған. Бұған дейін Қайырбаев Жақаевпен Шарын өзенінің бойында танысқанын растаған болатын. Бірақ адвокаттың айтуынша, Қайырбаев қысым көрсетілгеннен кейін солай айғақ берген.

Адвокаттың айтуынша, айыптау қорытындысында қылмыстың жасалған уақыты, орны мен әдіс-тәсілі көрсетілмеген, ҰҚК қызметкерлерінің контрабандашылармен қашан және қандай жағдайда сөз байласқаны анықталмаған. Заңгердің пікірінше, бұл - Қылмыстық іс жүргізу кодексінің бұзылуы. Құқыққорғаушының айтуынша, істе Жақаевтың өзге айыпталушылармен байланыста болғанын дәлелдейтін аудио және бейнематериалдар да жоқ.

Адвокат іс материалдарында Жақаевтың кедендік заңнаманың контрабанда мен шекарадағы жемқорлыққа тосқауыл болатын түзетулерін жасауға қатысқаны көрсетілуі керек деп есептейді.

Еске сала кетейік, прокурорлар Қорғас ісі бойынша басты айыпталушыларға қатаң режимдегі колонияларда 12 жыл жаза өтеуге үкім шығаруды сұрап отыр. Айыптау тарапы қылмыстық қоғамдастықты ұйымдастырушылар мен контрабанда арнасын бүркемелеп келген ҰҚК қызметкерлері ұзақ жылға бас бостандығынан айырылуы керек деп есептейді.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай