"Қорғас ісін" апелляциялық инстанция қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сотта істің басты фигуранттарына қатысты шешім шығарылды.
"Қорғас ісін" апелляциялық инстанция қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сотта істің басты фигуранттарына қатысты шешім шығарылды.
Айыпталушыларға қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды. Олардың қатарында қылмыстық топты ұйымдастырушы Талғат Қайырбаев пен оның сыбайласы Бақыт Отарбаев бар. ҰҚК-нің бұрынғы қызметкерлері Талғат Жақаевқа, Ирлан Әбдірахмановқа, Бақытбек Құрманәлиев пен бұрынғы кеденші Құрманбек Артықбаевқа қатысты үкімдер де өзгертілмеді.
Бір сотталушыға қатысты шешім ғана өзгерді - Марлен Садыбековке тағайындалған жаза шартты жазаға ауыстырыпып, ол тұтқыннан босатылатын болды. Оған алғашқыда бес жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылған еді.
Еске сала кетейік, апелляция алқасы "Қорғас ісін" 8 шілдеде қарауға кірісті. Ал алғашқы инстанцияның үкімі 12 сәуірде шығарылған болатын. Негізгі айыпталушылардың бірі - қылмыстық топты ұйымдастырушы Талғат Қайырбаев 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның сыбайласы Бақыт Отарбаев 13 жыл жаза арқалады.
"Қорғас ісі" шеңберінде ҰҚК мен кеден қызметінің лауазымды тұлғалары да сотталды. ҰҚК-нің бұрынғы қызметкерлері Талғат Жақаев пен Ирлан Әбдірахманов 17 жылға сотталды, олар әскери атақтарынан айырылды, сондай-ақ бес жылға дейін мемлекеттік лауазымды иелене алмайтын болды. Олардың әріптесі Бақытбек Құрманәлиев 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұрынғы кеденші Құрманбек Артықбаев 14 жылға сотталды. Қалған фигуранттар түрмеде бес жылдан он жылға дейін отыратын болды.
Кедендегі "Қорғас ісі" аталып кеткен жанжал 2011 жылы басталды. Қаржы полициясы Қытайдан Қазақстанға келетін контрабанданың күрделі схемасын әшкереледі, бұл қылмысқа ҰҚК-нің лауазымды қызметкерлерінің қатысы бары дәлелденді, олар қылмыстық топтың өзге бәсекелестерін жойып, өз топтарына жағдай жасап отырған.