Осыған дейін миллион доллар пара алған жерінен ұсталған "Қорғас" ШЫХО бұрынғы президенті Василий Ни қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы Бақытжан Қармановтың ресми сауалға берген жауабында айтылады. Сондай-ақ, инвесторлармен жұмыс бөлімінің басшысы Махаббат Сайдуллаеваның да қылмыстық жауапкершіліктен босатылғаны белгілі болды.

"Прокурордың өтініші бойынша және сотталушылардың осыған дейін сотты болмауына, жұмыс орны мен тұрғылықты жерінен жағымды пікірлер болғандықтан және сотталушы Сайдуллаева Махабаттың асырап алған кішкентай баласы болуына байланысты сот ҚР Қылмыстық кодексінің 65-бабының 1-бөлігі негізінде ("Шынайы өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату") жауапкершіліктен босатты", - деді соттағылар ресми сауалға берген жауаптарында.
Еске сала кетейік, 5 қыркүйекте "Қорғас" ШЫХО президенті миллион доллар пара алып жатқан жерінен ұсталған болатын. Ол осы пара үшін инвестициялық тендердің нәтижелерін шешіп беру үшін алған делінеді. Кейін Василий Нидің екі айға қамауға алынғаны белгілі болды.