Алматы облысының Панфилов ауданында адам өлтіру оқиғасы болды. Бұл туралы мәліметті Tengrinews.kz тілшісіне өңірлік ІІД кезекші бөлімінің өкілдері растады.
Алматы облысының Панфилов ауданында адам өлтіру оқиғасы болды. Бұл туралы мәліметті Tengrinews.kz тілшісіне өңірлік ІІД кезекші бөлімінің өкілдері растады.
Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыс 4 маусымда "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы (ШЫХО) территориясында болған. Видеобақылау камерасына түсірілген видео Интернетте таралып жатыр. Кадрлардан екі ер адамның төбелескенін көруге болады. Біреуінің қолында пышаққа ұқсас зат бар. Бірнеше секундтан кейін олардың бірі ес-түссіз құлайды. Пышақтаған адам кетіп қалады.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.