Полиция Алматы облысындағы "Қорғас" ШЫХО-да кеден қоймасының тоналғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полиция Алматы облысындағы "Қорғас" ШЫХО-да кеден қоймасының тоналғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полиция мәліметінше, оқиға 31 шілдеде болған.
"Ішінде әйелдер бар 15-20 адамнан тұратын азаматтар тобы кеденшілер қызметкерлерінің нысанындағы күш-жігеріне қарамастан "Алтынкөл" ТК-де уақытша сақтау қоймасының (УСҚ) қақпасын бұзып кіріп, қойма үй-жайларының алдындағы алаңға кірді", - делінген хабарламада.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері мен прокуратура қызметкерлері азаматтармен құқыққа қарсы әрекеттерге жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізген және жағдай сол жерде реттелген.
"Қойма үй-жайларын тонауға жол берілген жоқ", - деп хабарлады облыстық полиция өкілдері.
"Бұл дерек ресми тіркелген. Құқық бұзушылардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілді. УСҚ қақпасын қиратқан бес қатысушы "Ұсақ бұзақылық" бабы жауапкершілікке тартылды. Панфилов аудандық сотының шешімімен 1981 және 1990 жылы туған екі әйелге (Жаркент қаласының тұрғындарына) 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, 1993-98 жылдар аралығында туған (Үшарал және Қырыққұдық ауылының тұрғындары) үш ер адам үш тәулікке әкімшілік қамауға алынды", - делінген хабарламада.
Алдын ала ақпарат бойынша, азаматтардың заңсыз іс-қимылына уақытша сақтау қоймасына өзінің салмақ лимитінен асып кеткен тауарларды орналастырған кеденшілермен наразылығы себеп болған.
Бұрын кеденшілер алып қойған халық тұтынатын тауарлар қазіргі уақытта белгіленген талаптар бойынша мемлекеттік баж төленген иелеріне қайтарылған.
Сондай-ақ, жағдайдың тұрақты екені және кеден бекетінің аумағында қосымша полиция жасағы қойылғаны айтылады.
Айта кетейік, кеше, 1 шілдеде куәгерлердің түсірген бейнелері әлеуметтік желілерде тараған. Онда бір топ адамның қақпаны бұзып, аула ішіне кіргені көрінеді. Видеомен қатар "Қытай мен Қазақстан шекарасындағы қойманы бір топ адам тонап кетті" деген мәлімет қоса тараған еді.