08 мамыр 2015 11:07

Қорғаушы Әліби Жұмағұловтың алған жарақаттары туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

YouTube.com YouTube.com

Әліби Жұмағұловтың қорғаушысы Хамида Айтқалиева сот-медициналық сараптамасының нәтижесін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, осы іс бойынша кәсіпкер Қайрат Жамалиев пен оның жүргізушісі Анатолий Прибытков айыпталып отыр.


Әліби Жұмағұловтың қорғаушысы Хамида Айтқалиева сот-медициналық сараптамасының нәтижесін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, осы іс бойынша кәсіпкер Қайрат Жамалиев пен оның жүргізушісі Анатолий Прибытков айыпталып отыр.

Қорғаушының айтуынша, Жұмағұлов бірнеше жарақат алған: бас сүйегінің сынуы, мұрын сүйегінің сынуы, оң жақ гаймор қуысының алдыңғы жақ қабырғасының бірнеше жерден сынуы, гаймор қуысының ішкі және жоғарғы қабырғасының сынуы, тор сүйегінің сынуы, астынғы ернінің сілекей қабығының зақымдануы. Сонымен қатар, бет пен бас терісіне де көптеген зақым келген.

Заңгердің айтуынша, Әліби қазір операцияға дайындалу үстінде. Ол жақын арада ауруханадан шығарылады және емделуді үй жағдайында жалғастырады. "Өздеріңіз көріп отырғандай жарақаты жеңіл деген әңгіме ойдан шығарылған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары біткеннен кейін Әліби Астана қаласынан басқа жерде емделеді. Ол үшін көп уақыт керек. Тараптардың келісімге келуі қарастырылмайды. Мұндай шешімді Әлібидің әкесі қабылдады", - деді Айтқалиева.

Қорғаушы Нұрлан Жұмағұловтың баласының еміне жинаған ақшасы туралы да пікір білдірді. "Заңгер мен медициналық қызметтің тегін болуына орай жиналған қаражат жұмсалмады. Әлібидің отбасы ақшаны Аружан Сайын атындағы қорға аударады. Кез келген адам ақшаның қайда аударылғанын көре алады. Жақын арада біз Нұрлан Жұмағұловтың парақшасын қайта қосамыз. Ол енді жаңалықтарымен өзі бөліседі. Жұмағұловтың отбасының атынан қиын сәтте бізді қолдағандарға үлкен рахмет айтамын", - деді Айтқалиева.

Айта кетейік, Нұрлан Жұмағұлов Интернетке ұлы Әлібидің таяққа жығылғаны туралы видео салған болатын. Сонымен қатар, ол ұлының соққыға жығылғаннан кейінгі суретін де жариялады. Қазір видеолар өшірілді, Жұмағұловтың парақшасы уақытша жабылды.

Еске сала кетейік, Әліби Жұмағұлов 2015 жылдың 21 сәуірінде соққыға жығылды. 25 сәуірде осы іс бойынша күдікті кәсіпкер Қайрат Жамалиев екі айға қамауға алынды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети