15 шілде 2014 | 15:05

"Көркем" кешеніндегі оқиғаға кінәлілердің бостандығы екі жылға шектелуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алтынай Жұмжумина ©Алтынай Жұмжумина

Астанадағы "Көркем" тұрғын үй кешенінде 18 құрылысшының биіктен құлауына кінәлілерге екі жылға бостандығын шектеу жазасы берілуі мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Есіл ауданы прокурорының аға көмекшісі Әсел Ахметуллина айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Астанадағы "Көркем" тұрғын үй кешенінде 18 құрылысшының биіктен құлауына кінәлілерге екі жылға бостандығын шектеу жазасы берілуі мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Есіл ауданы прокурорының аға көмекшісі Әсел Ахметуллина айтты.

"Еңбек инспекциясы мен Есіл аудандық прокуратурасы арнайы тексеру жүргізді, соның нәтижесінде жұмыс беруші "Элипс Со" серіктестігінің кінәсі 100%-ға дәлелденді. Қазіргі уақытта жәбірленушілердің алған жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатымен сараптама тағайындалуына байланысты қылмыстық іс уақытша тоқтатылды. Барлығы 18 адам зардап шекті, олардың алтауына сот-медициналық сараптамасы тағайындалды, нәтижесі әзірше дайын емес. Қылмыстық кодекстің 152-бабының 1-бөлігі - "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша кінәлілерге екі жылға бостандығын шектеу жазасы қолданылуы мүмкін. Бұл оқиға ауыр емес қылмыс санатына жатады", - деп хабарлады Ахметуллина.

Оның айтуынша, зардап шеккен жұмысшылар материалдық және моральдық шығын талап етуге арыздана алады. Алайда әзірше олардың ешқайсысы әлі арыз түсірмеген. 

Еске салайық, 25 сәуір күні Астанада "Көркем" тұрғын үй кешеніндегі құрылыс алаңында көлемді металл конструкциясы опырылып, 18 адам зардап шеккен болатын. 11 адам ауруханаға жатқызылды. Артынша осы оқиғаға қатысты "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кейін кінәлілер тобы анықталды, олар: "Угур-1 Астана" ЖШС және "Элипс Со" ЖШС компанияларының жетекшілері мен лауазымды тұлғалары. Нысанды тексеру барысында техника қауіпсіздігін өрескел бұзу деректері әшкереленді, соған байланысты мемлекеттік инспектордың нұсқаулығымен құрылыс тоқтатылып, заңсыздықтарды жоюға ұсыныс келтірілді.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети