Қоспаев ҰҚТ басшысы бір шатқалды басып алып, арыстандар мен аю асыраған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қоспаев ҰҚТ басшысы бір шатқалды басып алып, арыстандар мен аю асыраған © ktk.kz

Арыстандар мен аюлар, ондаған премиум көлік және миллиондаған доллар қолма-қол ақша. Елдос Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының қылмыстық әрекетінің ауқымы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арыстандар мен аюлар, ондаған премиум көлік және миллиондаған доллар қолма-қол ақша. Елдос Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының қылмыстық әрекетінің ауқымы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері Алматы қаласында, Алматы облысында және еліміздің тағы үш облысында кәсіпкерлердің бизнесі мен мүлкін рейдерлік жолмен басып алумен айналысқан.

Топтың төрт мүшесі тұтқындалып, оның жетекшісіне іздеу жарияланғаны ресми түрде былтыр шілдеде жарияланған болатын. Тергеушілер ұйымдасқан қылмыстық топ толық немесе ішінара басып алған бірнеше ірі компания мен нысанды анықтады. Оның ішінде Қапшағай су қоймасындағы демалыс аймағы бар.

Қоспаев ҰҚТ ісінде 130-дан аса жылжымайтын мүлік нысаны, 35 люкс автокөлік, тоғыз миллион доллар қолма-қол ақша және 11 жер учаскесі бар.

Алматы облысында Қоспаевтың өзі тұтас бір шатқалды басып алып, онда ешқандай рұқсатсыз нағыз ранчо тұрғызған. Бұл мүлікте ол жылқыларды ғана ұстамаған. Үйдегі хайуанаттар бағында аю, тіпті африкалық арыстандар жұбы болған. Сәнді үйде мини-кинотеатр, бассейн, спорт залы және банкет залы бар.

Сол үйде тамақ әзірлеп, үй жинайтын жұмысшы күштеп ұсталған.

"Мен 2017 жылдың күзінен бастап жұмыс істедім. Басында бәрі жақсы болды. Үй жинап, тамақ әзірледім. Бірақ қалаға өз бетіммен шығуыма рұқсат бермеді. Сосын мені қорлайтынды шығарды. Бірде тіпті үстіме темекі тұқылын сөндірген. Бұл бір жылдан аса уақытқа созылды", - деді әйел.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети