Қоспаев ҰҚТ мүшелерін шекарадан өткізген. Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қоспаев ҰҚТ мүшелерін шекарадан өткізген. Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды Фото: ҚМА

Жамбыл облысының прокуратурасы өкілі "Қоспаев" қылмыстық тобының мүшелерін мемлекеттік шекарадан өткізген адам ұсталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысының прокуратурасы өкілі "Қоспаев" қылмыстық тобының мүшелерін мемлекеттік шекарадан өткізген адам ұсталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін ҰҚТ мүшелері Шалин, Имашев және Қоспаевқа Қылмыстық кодекстің 249 (рейдерлік) және 262-баптары бойынша (ұйымдасқан қылмыстық топ құру және қатысу) жасаған қылмыстары үшін Қаржылық мониторинг агенттігі халықаралық іздеу жарияланған.

Ведомство мәліметінше, олар Жамбыл облысы аумағында орналасқан мемлекеттік шекарадан елден шығып кеткен. Былтыр 10 қарашада Қордай аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 394-бабы 2-бөлігі ("Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру") бойынша қылмыстық іс тіркеген. Ал 11 қарашада Қордай ауданының прокуроры Бірлік Ізбасаровтың қаулысымен полиция және шекара басқармасының тәжірибелі қызметкерлерінен мекемеаралық топ құрылған.

"Прокуратура жүргізген үйлестіру жұмыстары нәтижесінде осы адамдар 6 тамызда Сортөбе ауылының маңында брод арқылы мемлекеттік шекарадан өткізуді ұйымдастырған жергілікті тұрғын анықталып, құрықталды", - делінген хабарламада.

Күдікті кінәсін толық мойындады, соталды тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Ол прокуратураның бақылауында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети