08 маусым 2022 | 11:42

Қостанай әкімдігінің бұрынғы жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып өлтірген

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: "Наша газета" Сурет: "Наша газета"

Қостанай әкімдігінің бұрынғы жүргізушісі Данияр Ибрашевтің ісі бойынша процесс 7 маусымда болды, - деп хабарлайды "Наша газета".


Иконка комментария блок соц сети

Қостанай әкімдігінің бұрынғы жүргізушісі Данияр Ибрашевтің ісі бойынша процесс 7 маусымда болды, - деп хабарлайды "Наша газета".

Ведомство мәліметінше, Ибрашев биыл 15 қаңтарда Маяковский - Воинов - Интернационалистов көшелері қиылысында жаяу жүргіншіні қағып кетті деген айыпқа ілінген. Оқиға салдарынан "Жемчужина" жеке клиникасының 52 жастағы дәрігері Елена Сухарева қайтыс болған.

Айыптау қорытындысына сәйкес, Ибрашев бағдаршамның сары белгісіне өтіп кеткен. Ол Toyota Camry көлігін тізгіндеген.

Айыпталушы Данияр Ибрашев кінәсін толық мойындап, марқұмның ұлынан кешірім сұрады.

"Сол күні жұмысқа, әкімдікке асығып бара жаттым. Қаңтардағы оқиғаларға байланысты демалыссыз жұмыс істедік. Жолда телефон қуаттағышын ұмытып кеткенімді есіме түсіріп, қайтып келдім, кейін кешікпеу үшін тезірек жүрдім. Ауа райы нашар болды... Адам қаққанымды білгенде, тоқтап, көліктен шығып, жедел жәрдем шақырғым келді. Бірақ ол кезде шақырылып қойған екен. Болған оқиға үшін тағы да кешірім сұраймын", - деді ол.

Сотталушы жәбірленушіге материалдық және моральдық зиян келтіргені үшін айыппұл төлеген. Мұны марқұмның ұлы, 24 жастағы Алексей Сухарев те растаған.

"Сотталушы бірден кешірім сұрап, көңіл айтты", - деді Сухарев сотта. 

Сотталушы кінәсін мойындағанына байланысты сот куәгерлерден жауап алмауды шешкен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети