07 сәуір 2016 | 15:56

Қостанай әкімінің бұрынғы орынбасары сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фрунзик Аракелян. © astinfo.kz Фрунзик Аракелян. © astinfo.kz

Қостанайдың №2 сотында Қостанай әкімінің бұрынғы орынбасары Фрунзик Аракелянға, ТҮКҚ бөлімінің бұрынғы басшысы Жеңіс Шинкинге, "СМУ-2010" ЖШС директоры Александр Бобровныйға қатысты үкім шығарылды, - деп хабарлайды "Наша газета".


Иконка комментария блок соц сети

Қостанайдың №2 сотында Қостанай әкімінің бұрынғы орынбасары Фрунзик Аракелянға, ТҮКҚ бөлімінің бұрынғы басшысы Жеңіс Шинкинге, "СМУ-2010" ЖШС директоры Александр Бобровныйға қатысты үкім шығарылды, - деп хабарлайды "Наша газета".

Аракелян мен Шинкин байқауда жеңіске жету үшін мердігерлерден пара алды деп айыпталған болатын. Тергеудің мәліметінше, 2015 жылы 20 сәуірде Фрунзик Аракелян "Вескор" ЖШС басшысы Сергей Евстафьевтен 300 000 теңге алған. Пара Шинкиннің кабинетінде берілген. Ол сәт видеоға жазылып қалды.

Прокурор Аракелянға 9 жыл сұрады. Судья Фрунзик Аракелянды 7 жылға соттап, 300 мың теңге тәркіленетін болды.

Жеңіс Шинкин "СМУ-2010" ЖШС жалған фирмасын құрды деп айыпталды, ол танысы Александр Бобровныйды директор етіп тағайындаған. Тендердің барлығы Шинкиннің жарлығы бойынша іріктелген.

Прокурор Шинкинге 10 жыл сұрады. Судья оған 9 жыл тағайындап, 1,5 миллион теңге тәркіленетін болды.

Александр Бобровныйға 7 жыл сұралған. Судья оны 7 жылға соттап, мүлкін тәркілеу туралы шешім шығарды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети