03 тамыз 2015 | 08:54

Қостанай әкімінің орынбасары 13 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мақсұт Қалиев. ©Kstnews.kz Мақсұт Қалиев. ©Kstnews.kz

Қостанай әкімінің орынбасары 13 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tobolinfo.kz Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігіндегі дереккөзге сілтеме жасап. Бұл ақпаратты Tengrinews.kz тілшісіне қаланың №2 соты растады. 


Иконка комментария блок соц сети

Қостанай әкімінің орынбасары 13 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tobolinfo.kz Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігіндегі дереккөзге сілтеме жасап. Бұл ақпаратты Tengrinews.kz тілшісіне қаланың №2 соты растады. 

"Антикоррупциялық қызметтің қызметкерлері 2015 жылдың 1 тамызында кешкі уақытта Қостанай әкімінің орынбасары Қалиев Мақсұт Жауғаштынұлын "Сыл" ЖШС директоры Овнянин Гагик Нориковичтен 13 миллион теңге көлемінде ақша алып жатқан жерінде ұстады", - делінген хабарламада.

Қылмыстық істің екі фигуранты да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, оларға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қаралып жатыр. 

"Алдын ала мәлімет бойынша, Мақсұт Қалиев әуежай маңында Халыққа қызмет көрсету орталығының (АвтоЦОН) құрылысы кезінде "Сыл" ЖШС-ның мүддесін лоббилеген. Оның Овнянин Гагиктен алған парасы жалпы құны бір миллиард теңгеден асатын құрылыс мердігерлік бюджетінің 50 пайызына дейін жететін пара саналады", - деп жазады басылым.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети