30 наурыз 2016 15:44

Қостанай қазақ драма театрының қызметкерлеріне 61 миллион теңге жымқырды деген күдік келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© culturemap.kz © culturemap.kz

Қостанай облыстық И.Омаров атындағы қазақ драма театрының бухгалтері мен кассашысы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Театр қызметкерлері Бектұрсынова мен Құлтаеваға қаражат жымқырды деген күдік келген.

"Бектұрсынова мен Құлтаеваның 2014 жылдың сәуірі мен 2015 жылдың желтоқсан айы аралығында бір топ адаммен алдын ала келісім бойынша, қызметтік жағдайын пайдалана отырып, сеніп тапсырылған 61 миллион теңгені жымқырғаны анықталды. Қазіргі уақытта Бектұрсынова мен Құлтаева ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 128-бабының негізінде ұсталып, Рудный аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады антикоррупциялық ведомствоның өкілдері.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети