05 наурыз 2015 | 13:25

Қостанай облысында 16 адамды тақырға отырғызған алаяққа 8,5 жыл жаза берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©mhealth ©mhealth

Қостанай облысында баспана алып беремін деп алдап, 16 адамның ақшасын жымқырған 35 жастағы азамат сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Лисаков сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алаяқ 2013 жылдың 11 наурызынан 2014 жылдың 31 қаңтары аралығында жәбірленушілерден алғашқы жарна ретінде жалпы көлемі 20 миллион 870 мың теңге болатын қаражат алған.

Иконка комментария блок соц сети

Баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталған азамат 2013 жылдың наурыз айынан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысып, жылжымайтын мүлікке шынайы келісімдердің болмағанына қарамастан, алаяқтық мақсатпен жәбірленушілердің мүлкін иеленудің схемасын жасаған.

"Пәтер сатып алуға ниеттілердің сенімін пайдаланған Шакалов оларға пәтерді саудадан сатып алуға уәде беріп, мұндай келісімді жасауға ниеті мен мүмкіндігі болмағанына қарамастан, пәтер соммасының үштен бір бөлігін беруді талап еткен. Алайда ол сот отырысында келісімдердің азаматтық-құқықтық қатынастар негізінде жасалғанын айтып, өз кінәсін мойындаған жоқ", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, сотталған азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 177-бабы 4-бөлігінің "б" тармағы ("Алаяқтық") бойынша айыпты деп танылып, оған сот үкімімен жалпы тәртіптегі түзеу колониясында 8 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети