Қостанай облысының Ұзынкөл аудандық сотында "Өзгенің мүлкін ұрлау" бабы бойынша қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды "Алау" облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қостанай облысының Ұзынкөл аудандық сотында "Өзгенің мүлкін ұрлау" бабы бойынша қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды "Алау" облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс материалы бойынша, 29 қыркүйек сағат 13:00 шамасында Орталық аудандық ауруханасының маңындағы медициналық пункттен 20 келі көмір ұрланған екен.
"Осыған байланысты Ұзынкөл ОАА-ға 180 теңге көлемінде материалдық зиян келген. Қылмыстық құқық бұзушылық үшін ҚР ҚК-нің 68-бабының 1-тарауы бойынша айыпталған әйел тараптардың келісімге келуіне байланысты жауапкершіліктен босатылды", - делінген хабарламада.
Қылмыстық іс тоқтатылды.