Қостанай облысында адам өлтірген күдіктіні ұстаған әкім марапатталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында адам өлтірген күдіктіні ұстаған әкім марапатталды

Учаскелік полицейге қылмыскерді ұстауға көмектескен ауылдық округ әкімі ІІМ-нен сыйлық алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Учаскелік полицейге қылмыскерді ұстауға көмектескен ауылдық округ әкімі ІІМ-нен сыйлық алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай облысы Қарасу ауылының басшысы Ғасырсейіт Қоржынбаевқа қылмыскерді ұстауға көмектескені үшін ІІМ логотипі бар сағат сыйлап, грамотамен марапаттаған.

Еске салайық, адам өлтіру оқиғасы Қостанай облысы Амангелді ауданы Қарасу ауылында болған. "102" пультіне полиция қызметкерлерін жіберу туралы өтінішпен жасырын хабарлама түскен. Шақыртуға барған учаскелік полицей зорлық-зомбылық белгілері бар 55 жастағы ауыл тұрғынының мәйітін тапқан. Сондай-ақ, пышақ жарақаты салдарынан егде жастағы әйел ауруханаға түсті. Қылмыс орнына келген учаскелік полиция қызметкері мен ауылдық округ әкімі күдіктіні іздеуге шыққан. Куәгерлердің айтуынша, күдікті тасжолға қарай бет алған.

Әкім адам өлтірген күдіктіні учаскелік полиция қызметкерімен бірге ұстаған. Полиция өкілдері тұтқындау процесі қалай өткенін айтып берді.

"47 жастағы ер адамның ізіне (күдікті) учаскелік полицей мен ауыл әкімі түскен. Әкім күдіктіні байқап, көмек шақырған. Алайда ер адам өзіне жарақат салып үлгерген. Ол аудандық ауруханаға жатқызылды", - деді Қостанай облыстық полиция департаменті өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети