Қостанай облысында аудан әкімі парамен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында аудан әкімі парамен ұсталды видеодан үзінді

Қостанай облысы Әулиекөл ауданының әкімі 7 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі департамент директоры Арман Бердалин брифинг барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қостанай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Әулиекөл ауданы әкімінің пара алу дерегін анықтады. Ол ортақ қамқорлығы мен мектеп ғимаратын күрделі жөндеу бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін кәсіпкерлік субъектісінен 7 миллион теңге сомасында делдал арқылы пара алды деп күдікке ілінді", - деді Бердалин.

Оның айтуынша, ұсталғаннан кейін аталған сома Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлеріне ерікті түрде берілген. Әкім өз кінәсін толық мойындаған. 

"Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасы туралы мәселе шешіліп жатыр. Тергеу жалғасады. Күдіктіге қатысты соңғы үкім сот арқылы шығарылады", - деп толықтырды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілі. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети