17 ақпан 2017 18:31

Қостанай облысында әйелді азаптаған полицейлерге араша болған басшылары сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© news.mail.ru © news.mail.ru

Қостанай облысында азаматшаны қинаған тәртіп сақшыларына араша болуға әрекет жасаған полиция қызметкерлеріне қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қостанай облысында азаматшаны қинаған тәртіп сақшыларына араша болуға әрекет жасаған полиция қызметкерлеріне қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгін Қостанай облысының Қарабалық аудандық сотына ҚР ҚК 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы және 422-бабы 1-бөлігі бойынша (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану, жалған айғақтар беруді параға сотып алу) айыпталған Қарабалық аудандық ІІБ басшысының орынбасарлары Амантай Ағайдаров пен Жангелді Әкіновқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімін шығарды.

Іс материалдары бойынша, 2016 жылдың 14 сәуірінде Есенкөл ауылдық округінің Лесное ауылында болған айыпталушылар өз қарамағында жұмыс істейтін тәртіп сақшыларының заңсыз әрекеті салдарынан тәртіптік жауапкершілікке немесе басқа да жазаға тартылуды болдырмауға тырысып, лауазымды тұлғалар Сәрсенбаев пен Төлегеновті қылмыстық жауапкершіліктен басатпақ болған. Осы мақсатта Ағайдаров пен Әкінов шағымданушы Л.Дорошенкоға және оның анасына 100 000 теңге ұсынып, олардан полиция қызметкерлеріне қатысты айғақтарын өзгертуді сұраған.

Еске салайық, 2016 жылдың 16 қарашасында Н.Сәрсенбаев пен А.Төлегенов адамды азаптауда айыпты деп танылған еді. Сот үкімімен Сәрсенбаев жалпы тәртіптегі колонияға 3,5 жылға, ал Төлегенов 3 жылға бас бостандықтарынан айыру жазасына тартылған болатын. 

"Сот үкімімен А.Ағайдаров пен Ж.Әкінов қылмыстық істе айыпты деп танылып, оларға жалпы тәртіптегі колонияға 3 жыл 9 ай бас бостандықтарынан айыру және өмір бойына құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызметте билік өкілі ретінде жұмыс істеу құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Олары полиция подполковнигі арнайы шендерінен айырылып, сот залында тұтқындалды", - делінген соттың хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети