07 сәуір 2018 | 11:40

Қостанай облысында баласын туып, құдыққа тастаған әйел ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация © fakty.ictv.ua Иллюстрация © fakty.ictv.ua

Федоров АІІБ полиция қызметкерлері жаңа туған сәбиін өлтірді деген күдікпен әйел адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Федоров АІІБ полиция қызметкерлері жаңа туған сәбиін өлтірді деген күдікпен әйел адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Федоров АІІБ полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шарасы барысында туған сәбиін өлтірді деген күдікпен 38 жастағы әйел адамды ұстады. 2 сәуірде шамамен сағат 19.15-те Федоров ауданындағы Кеңарал ауылында ауыл тұрғыны жаңа туған сәбидің денесін құдықтан тауып алған", - деді полициядағылар. 

Айта кетейік, полицейлер күдіктіні табу үшін көп еңбек етті. Жедел-тергеу тобы құрылып, кешенді тергеу шаралары жүргізілді: әйелдерді тексеру, тұрғындардың үй-үйлерін аралау, куәгерлерді анықтау.

"Жедел-іздестіру шарасы барысында 38 жастағы күдікті әйел адам анықталып, ұсталды, ол баласын туып, құдыққа тастай салған", - деді Қостанай облыстық ІІД мамандары.

Полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеуді ҚР ҚК 100-бабы "Жаңа туған баланы анасының өлтiруi" бойынша жүргізіп жатыр. Сараптамалар тағайындалды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанай облысында құдықтан сәбидің өлі табылғаны хабарланған болатын. Оны шекара қызметіндегі әскери қызметкерлердің бірі тапқан.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети