Қостанай облысында банкроттық басқарушы компаниядан 100 миллион теңге бопсалаған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында банкроттық басқарушы компаниядан 100 миллион теңге бопсалаған видео кадры

Қостанай облысында банкротқа ұшыраған компанияға тағайындалған басшы 100 миллион теңге бопсалағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында банкротқа ұшыраған компанияға тағайындалған басшы 100 миллион теңге бопсалағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті компанияның банкроттық басқарушысы, коммерциялық ұйымның бас директоры мен құрылтайшысынан борышкерлер тізіміне енгізу үшін 100 миллион теңге, ірі көлемде ақша бопсалағанын анықтады. Күдікті ЖШС бас директоры мен құрылтайшысынан келісілген соманың жартысын, яғни 50 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталды", - делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, ер адам қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 8 жыл 5 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети