Қостанай облысында такси жүргізушісін өлтіріп кетті, - деп хабарлайды "Алау" ақпараттық порталы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қостанай облысында такси жүргізушісін өлтіріп кетті, - деп хабарлайды "Алау" ақпараттық порталы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазіргі уақытта Арқалық қаласының екі тұрғыны ұсталып, қамауға алынды. Күдіктілердің жас шамалары 21-22-де. Олар бұрындары ұрлық жасағаны үшін және алаяқтықпен айналысқаны үшін сотты болған", - делінген облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері күдіктілерді ізін суытпай ұстады. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, такси жүргізушісі 47 жаста болған.